Павлодар облысында жыл басынан бері алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзудың 312 дерегі тіркелді. Полиция заңсыз алкоголь айналымына қарсы рейдтерді күшейтіп, әсіресе кәмелетке толмағандарға ішімдік сату фактілеріне ерекше назар аударып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаевтың айтуынша, жыл басынан бері алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзудың 312 фактісі анықталған.
Тексеру барысында кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сату деректері де тіркелуде. Мәселен, Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде жасөспірімге екі бөтелке сыра сатылған. Аталған құқық бұзушылық бойынша материалдар сотқа жолданды.
Полиция ҚР заңнамасына сәйкес 21 жасқа толмаған азаматтарға алкогольдік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салынатынын еске салады.
– Бұл талаптарды сақтау – кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай жүргізудің маңызды шарты. Оның сақталуы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді. Заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынып, лицензиясынан айырылу қаупі де бар, – деді Азамат Күркебаев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





