жексенбі, 8 қараша, 2026 18:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда қайтыс болған қыздың жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда қайтыс болған қыздың жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды
istockphoto.com
Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешке студенттер қалашығының аумағында болған.

Алматы полициясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешке студенттер қалашығының аумағында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Белгілі болғандай, марқұм журналистика факультетінде оқыған. Ол білім алу үшін Шымкенттен Алматыға келген.

Ал студенттер арасында оқиғаның себептері туралы түрлі болжам айтылып жатыр. Соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген нұсқа да талқылануда. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар