Қызылорда облысының прокурорлары алимент төлеуден жалтарған қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауапқа тартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.
Облыс прокуратурасы биыл алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі –ҚК) 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркелді.
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.
Мысалы, борышкер «Ж.А.»-ның 2023 жылдан бастап қалыптасқан 12 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.05.2026 жылғы үкімімен 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және алиментті төлеу жөніндегі міндеттерін уақытылы орындауға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






