Оған министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ елорда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Тиісті өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге енгізілген.
Құжатқа сәйкес, пантеонда вице-президенттер, Премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі және Парламент палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары жерленуі мүмкін.
Тізімде мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер, Президент Әкімшілігінің басшылары, Конституциялық Кеңес, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот және Ұлттық банк төрағалары, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарлары да көрсетілген. Өзге Қазақстан азаматтарын пантеонда жерлеу Президенттің арнайы шешімімен жүзеге асырылады.
Қаулыда жерлеуді ұйымдастыру тәртібі де нақтыланған. Бұл жұмысты қайтыс болған адамның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бастамасымен елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.
Ұлттық пантеонда жерлеулерді тіркеу кітабы жүргізіледі. Оған марқұмның аты-жөні, денесінің пантеонға жеткізілген және жерленген күндері, өмірбаяны, Қазақстан алдындағы еңбегі және өзге де мәліметтер енгізіледі.
Қаулы 2026 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






