жұма, 22 қараша, 2024 18:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Енді әйелдерге арналған вагондар саны артады

Енді әйелдерге арналған вагондар саны артады
Фото: den-der.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша Қазақстанда әйелдерге арналған пойыздарға сұраныс артып келеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша Қазақстанда әйелдерге арналған пойыздарға сұраныс артып келеді.

«Біз «Әйелдер вагоны» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Оған 600-ден астам респондент қатысты. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша әйелдер вагондарын тағы үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданды», - деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен брифингіде.

Жаңадан іске қосылатын «Әйелдер вагоны» пойыздары «Астанадан Семейге, Ақтөбеден Алматыға және Алматыдан Шымкентке қатынайды.

«2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 70 мыңнан астам жолаушы «әйелдерге арналған вагондар» қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе артқанын көрсетіп отыр. Әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгінде әйелдерге арналған 8 пойыз маршруты бар:

- №77/78 «Алматы-Маңғыстау»;
- №351/352 «Алматы - Өскемен»;
- №45/46 «Павлодар-Түркістан»;
- №37/38 «Маңғыстау-Семей»;
- №47/48 «Атырау-Астана»;
- №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»;
- №4/3 «Астана-Алматы-2»;
- №71/72 «Астана-Шымкент».

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар