сәрсенбі, 18 қараша, 2026 15:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларды цифрлық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуді ұсынды

Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларды цифрлық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуді ұсынды
Иллюстративное фото: Svetlana Repnitskaya/Getty Images
Бұл туралы Құрылтай отырысында айтылды.

 

18 қарашада, Балаларды жыныстық қанаудан, қатігез қарым-қатынастан және зорлық-зомбылықтан қорғаудың дүниежүзілік күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Асель Баденова кәмелетке толмағандарды киберфлешингтен қорғау мәселесі бойынша Ішкі істер министрлігіне депутаттық сауал жолдады.

Киберфлешинг – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хабарлама жіберушінің жыныстық сипаттағы суреттерді немесе бейнематериалдарды адамның келісімінсіз қасақана жіберуі.

2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына сәйкес, балалардың 7,1%-ы жыныстық сипаттағы хабарламалар алады, ал 7,4%-ы интернетте кемінде айына бір рет интимдік бейнелерді көреді.

Өз сауалында депутат осындай жағдайларға ден қоюдың қолданыстағы тетіктері туралы сұрақты көтерді:

«Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, кәмелетке толмаған адамға оның келісімінсіз жыныстық сипаттағы материалдарды қасақана жіберу үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?»

Асель Баденова Ішкі істер министрлігіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда хабарлама алушының келісімінсіз интимдік материалдарды жібергені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Депутаттың пікірінше, осындай әрекеттердің жолын дер кезінде кесуге және балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық тетіктерді қалыптастыру маңызды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар