Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқаби құрамымен қос күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Kazinform сілтеме жасап.
Оқиға биылғы жылдың басында Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында болған. 9-сынып оқушысын бір ауылда тұратын жерлестері бопсалап, ақша сұраған.
«Бір миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды желіге жариялаймыз» деп қорқытқан. Ал, кейіннен қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.
Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқаби құрамымен қос күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен негізгі сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сондай-ақ ол жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болды. Ал, сыбайласы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Құранды қолмен жазған Осман Тоха Шымкентке келді
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024