Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:36
- 7
Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген науқастың жағдайын дәрігерлер тұрақтандырып, күрделі ота жасады. Ем нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.
"Ауруханаға түскен кезде науқастың екінші дәрежелі комаға түскені, қан қысымының күрт төмендегені, жарақаттық және геморрагиялық шок алғаны анықталды. Сонымен қатар жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, кеуде тұсы ауыр зақымданған", - депжазылған хабарламада.
Алғашқы кезеңде дәрігерлер науқастың өмірлік маңызды ағза қызметін қалпына келтіруге бағытталған шұғыл шаралар қабылдады. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны отаға дайындады.
Жамбас сүйектерін қалпына келтіріп, зақымданған сүйектерді арнайы металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекітті.
Отадан кейінгі екінші күні-ақ науқасты біртіндеп қозғалысқа келтіру жұмыстары басталды. Кейінгі емдеу шараларының нәтижесінде денсаулығы біртіндеп жақсарды. Ауруханада 18 күн ем қабылдаған әйел қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





