сенбі, 7 желтоқсан, 2024 5:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Басты қарсыласым  – жапон Сунода Нацуми" – Әбуба Әбужақынова

"Басты қарсыласым  – жапон Сунода Нацуми" – Әбуба Әбужақынова
фото: ашық дереккөз
Олимпиада ойындарында 28 қыз сынға түседі. 28 қызға 28 тәсіл жасауың керек

"Олимпиадалық рейтингте төртінші орында тұрғанын айтады Әбиба Әбужақынова Aigyn газетіне берген сұқбатында.

Басты қарсыласым  – жапон Сунода Нацуми. Аталған спортшы ыңғайсыз қарсылас, сан қырлы балуан. Бойы ұзындау, бұрын 52 келі салмақта күрескен. Олимпиада кезінде екеуміз екі топқа түссек, финалда кездессек деген үміттемін. Қалған қарсыласымды амалын тауып, айламды асыруға болады. Қазір француз мамандарымен жапон қызының күресін талқылап жүрміз. Осал тұсын табу үшін әрекет етеміз. Арнайы әдіс ойластырып, тәжірибе жүзінде іске асырған абзал. Жапон қызын әлеуметтік желіде бақылаймын, жаттығуын қараймын. Әлем чемпионатынан бұрынғы жарыста Нацумидан жартылай финалда ұтылдым. Ол күтпеген жерден басқа әдіс қолданды. Одан бұрынғы әдістеріне құлаған жоқпын. Екі ескертумен ұтып келе жатқанмын. Ол мені күтпеген әдіспен алдап кетті. Қысқа қайырғанда, бізден бір қадам алда келе жатқан дзюдошы. Жасы менен үлкен. Дегенмен дзюдода жас аса маңызды емес.  Шапшаң қимылдап, психологияға мығым болсаң жетіп жатыр. Әдісті тез ойлап, тез іске асыру қажет. Әйтпесе, көз ілеспес секундта шалынып қалуың бек мүмкін. Одан кейін италиялық Ассунта Скутто, француз Шырын Букли  бар. Аталғандарды жеңдім де, жеңілдім де. Былтыр әлем чемпионатында қола медаль үшін Скуттодан ұтылғанмын. Иығым жыртылып кетті. Буклиды да қапы қалдыруға болады. Жалпы, Олимпиада ойындарында 28 қыз сынға түседі. 28 қызға 28 тәсіл жасауың керек" дейді чемпион. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар