жұма, 6 қараша, 2026 10:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

10 мыңнан астам педагог жұмысқа қабылданды: жастар ауылға аттанды

10 мыңнан астам педагог жұмысқа қабылданды: жастар ауылға аттанды
Оқу ағарту министрлігі
Ауылға барған педагогтардың 840-ы жоғары оқу орындарын үздік көрсеткішпен тәмамдаған түлектер.

Биылғы оқу жылында Қазақстан мектептеріне 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданды. Оның 3 770-і ауыл мектептеріне орналасқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің айтуынша, жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандардың 5 мыңы қалалық мектептерге, 1 мыңға жуығы аудан мектептеріне, ал 3 770-і ауыл мектептеріне барған. Ауылға барған педагогтардың 840-ы жоғары оқу орындарын үздік көрсеткішпен тәмамдаған түлектер.

«Мемлекет басшысы алдымызға қала мен ауыл балаларының білім сапасындағы алшақтықты барынша азайту міндетін қойды. Бұл міндетті сапалы орындау ең алдымен білікті ұстаздардың еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан ауыл мектептеріне келген 3 770 педагогтың, оның ішінде GPA көрсеткіші өте жоғары 840 жас маманның ауыл балаларына сапалы білім беріп, еліміздің адам капиталын дамытуға үлкен үлес қосатынына сенеміз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр жас педагогтарға кәсіби қызметінде табыс тілеп, мұғалім мамандығына адал болудың маңызын атап өтті.

«Биылғы оқу жылында қатарымызға қосылған жас педагогтарға үлкен табыс тілеймін. Таңдаған мамандықтарыңызға адал болып, мәртебелі ұстаздық қызметтегі еңбектеріңіз жемісті болсын», – деді министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар