жұма, 6 қараша, 2026 8:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қорғаныс министрлігін тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды

Қорғаныс министрлігін тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды
Қорғаныс министрлігі
37 іс бойынша тексеріліп жатыр.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталып, қазір қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы құрған комиссия тексерудің аралық қорытындысында мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Комиссия Қорғаныс министрлігіне қарасты 104 нысанды қамтыған. Қазір бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексеру жалғасып жатыр.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен қызмет өткеру жағдайына, азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілуіне, медициналық көмектің сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына ерекше назар аударылған.

Анықталған жекелеген заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмыстық қудалау органдары қарап жатқан 37 істің мән-жайы әзірге жарияланбайды. Комиссия мұны тергеу мүддесімен түсіндірді.

Тексерудің мақсаты – Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар әзірлеу. Комиссияның ұсыныстары Әскери реформа жоспарын жүзеге асыру кезінде де ескеріліп жатыр.

Комиссия жұмысын биыл қараша айында аяқтайды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар