жұма, 6 қараша, 2026 8:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді

Иордания королі Қазақстанға ресми сапармен келді
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді,

Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мәртебелі мейман Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келді. Иордания королінің ресми сапары 5-6 қараша күндеріне жоспарланған.

Сапар аясында екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өзара инвестиция көлемін арттыру және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуге басымдық берілмек.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", – деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтеді. Аталған халықаралық жиынға Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн де қатысады деп жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан Президентінің шақыруымен Иордания королі мен Тәжікстан президентінің елімізге келетіні хабарланған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар