жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды – Ғани Бейсембаев

Биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды – Ғани Бейсембаев
фото: ашық дереккөз
7 704 жас түлек «Алтын белгіге» үміткер

. Жыл қорытындысы туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.

Оның айтуынша, бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала тәмамдайды және 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады.

7 704 жас түлек «Алтын белгіге» үміткер.

«Мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр-11 маусым күндері өтеді», - деді Ғ. Бейсембаев.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар