Қарағанды облысында бес оқушы ұл жабылып, кәмелетке толмаған қызды зорлаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы 14 ақпанда кешкі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленуші К. өзінің кәмелетке толмаған құрбысы Е.-мен бірге күзет қызметкерлерін өздерінің жасы туралы жаңылыстырып, «Инфинити» түнгі караоке-клубына кірген, онда қыздар үш сағаттан астам уақыт бойы алкогольдік ішімдік ішкен.
Қатты алкогольдік мас күйде болғандықтан және осындай жағдайда үйіне қайтуға қорыққан қыздар куә И.-дің ұсынысымен оның таныстары – кәмелетке толмаған К., О., А., Ж. және С.-ның пәтеріне барған.
Пәтерде сотталушы С. жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында оған химиялық заттың буын иіскеткен.
Осыдан кейін кәмелетке толмаған К., О., А., Ж. және С. алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болып әрекет ете отырып, алкогольдік мас күйіне байланысты қарсылық көрсетуге дәрменсіз болған жәбірленушінің жағдайын пайдаланып, оны зорлаған.
Сот К., О., А., Ж. және С.-ның қылмыс жасаған кездегі кәмелетке толмаған жасын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Жаза тағайындау кезінде сот ҚК-нің 81-бабының 1, 7-бөліктері және 55-бабының 2, 8-бөліктерінің талаптарын ескерді, аталған нормаларға сәйкес, кәмелетке толмағандарға 7 жыл 6 айдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.
Сот үкімімен К., О., А., Ж. және С. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
2025 жылғы 23 маусымдағы ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылып, түпкілікті әрқайсысына 5 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды, сотталушылар К., О., А., Ж. және С.-дан ортақ тәртіппен моральдық зиянды өтеу үшін 10 000 000 теңге өндіріп алу туралы шешім қабылданды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-та бейәдеп сөз айтқан маңғыстаулық жігіт 7 тәулікке қамаққа алынды
- авторОймақ
- 11 қараша, 2026
Жетісуде төртемді дүниеге әкелген отбасыға пәтер кілті табысталды
- авторОймақ
- 11 қараша, 2026





