бейсенбі, 21 қараша, 2024 20:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Bereke Bank 65 миллиард теңгеге сатылды

Bereke Bank 65 миллиард теңгеге сатылды
фото: ашық дереккөз
Сатып алушы қатарлық Lesha Bank ұйымы

Қазақстандық Bereke Bank 65 миллиард теңгеге сатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 

Сатып алушы қатарлық Lesha Bank ұйымы. Бұл туралы қатарлық банктың ресми сайты жазды.  

Хабарламадан белгілі болғандай Lesha Bank пен "Бәйтерек" холдингі арасында сатып алу-сату шарты 2024 жылдың 31 наурызында жасалған. 

"Lesha Bank пен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ арасында Қазақстандағы Bereke Bank Акционерлік капиталын 65 миллиард қазақстандық теңге бағасымен сатып алуға сатып алу-сату шарты (2024 жылғы 31 наурыз) жасалды, бұл келісім шарттарына сәйкес ағымдағы айырбас бағамы бойынша 532 382 681 Катар риалына баламалы", - деп жазды катарлық банктың ресми сайты. 

Бұған дейін Береке Банктң  Қатар немесе Грузиядан келген кәсіпкерлер сатып алуы мүмкін екендігі айтылған еді. Еуропалық Қайта Құру және даму банкі де қызығушылық танытты. 

Lesha Bank (бұрынғы Qatar First Bank) - Қатардың қаржы орталығын реттеу басқармасынан мақұлдау алған шариғат қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы тәуелсіз банк. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар