Жаңа тағайындалған әкімнің орынбасарының өмірбаянын журналист Гүлбану Әбенова жария етті, деп жазады Ulysmedia.kz
– Абзал Әбдікәрімов қалайша 37 жасында облыс әкімінің орынбасары болды? Менің ойымша, шенеуніктің жұмысы жайлы айтудың қажеті жоқ, оның кімнің ұлы екенін білсек жеткілікті.
Мен жаңадан тағайындалған кісінің түйіндемесін зерттедім. Кейінгі жылдары бұлар туған жерін жазбауға тырысады екен.
Оның Түркістан облысында дүниеге келгенін білдік, әйтеуір.
Мемлекеттің мүддесін ойласақ, әкімнің орынбасары болып өз өңірін жақсы білетін жергілікті мемлекеттік қызметші тағайындалатын еді.
Мен Абзалдың өмірбаянын көрдім, барлығы қалыпты шаблон – "Болашақ" бағдарламасы, бірден лауазым алған әрі әр жылы түрлі креслоға секірген. Калькасы таныс. Әкімнің немесе депутаттың ұлы екені анық, - деп жазады журналист.
Гүлбану Әбенова Ақтөбе облыcына әкімнің орынбасары болып Сенат депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлының ұлы барғанын жеткізеді.
Кеше Ақтөбе облысында әкімнің жаңа орынбасары болып Абзал Әбдікәрімов тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Әбдікәрімов Президент әкімшілігінің келісімі бойынша қызметке қонжиды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.