сейсенбі, 27 қазан, 2026 13:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде ақкіс бейнекамераға түсіп қалды

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде ақкіс бейнекамераға түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скриншот.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің Қарабұлақ орманшылығына қарасты Қайыңды сайында ақкіс бейнекамераға түсіп қалды.

Шапшаң әрі сақ аңды орманшылықтың мемлекеттік инспекторы Б. М. Қойшыбаев түсіріп алған.

Ақкіс (Mustela erminea) – сусарлар тұқымдасына жататын шағын жыртқыш. Ол негізінен ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Олардың санын реттеу арқылы табиғи тепе-теңдікті сақтауға үлес қосады.

Бұл аңның ерекшелігі – жүнінің түсі жыл мезгіліне қарай өзгереді. Жазда қоңырқай болса, қыста ақ түске енеді. Мұндай бейімделу ақкіске қар арасында көзге түспей, жауларынан жасырынуға әрі жемтігіне байқатпай жақындауға мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар