жұма, 22 қараша, 2024 4:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нанды 354 теңгеден сатып алған – ҚМА

Нанды 354 теңгеден сатып алған – ҚМА
Фото: infosmi.net
Орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Агенттік анықтағандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшасы жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар