"Сағат 8.20-да темір құбырды манипулятормен көтерген кезде (10 КВт жоғары вольтты сымға тиген) электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі Қазақстанның 2000, екіншісі Өзбекстанның 1993 жылғы азаматтары екені анықталды. Ал 1993 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясының өкілдері барды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Департамент мамандары күнделікті өмірде және қоғамда электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ережелерді бұзу өте қауіпті және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.