сенбі, 23 қараша, 2024 2:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Батыс Қазақстанда қырылған малға 187 млн теңгеден астам өтемақы төленді

Батыс Қазақстанда қырылған малға 187 млн теңгеден астам өтемақы төленді
Фото: adyrna.kz
Батыс Қазақстанда бес ауданның тұрғындарына су тасқыны кезінде қырылған малы үшін өтемақы төленді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берік Ситқазиевтің айтуынша, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарында және Бәйтерек ауданында комиссия өлген 2 399 жануарды тіркеген, оның 341 – і ірі қара мал.

Өтемақы төлеу үшін 187,5 миллион теңге бөлінді. 137 өтініш бойынша аудандық әкімдіктер 177 бас ІҚМ, 671 бас ұсақ мал, 46 жылқы, 54 шошқа және 52 құс үшін 126,9 миллион теңге төледі, - деді ол.

Ситқазиевтің айтуынша, құтқару жұмыстары барысында 6 912 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге шығарылған. Аудандарда қырылған малдың нақты санын белгілейтін арнайы комиссия құрылды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар