2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі 85 мың теңгемен салыстырғанда өсім 25 мың теңгені құрайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке осындай тапсырма берді.
Жалақының төменгі шегін арттыру 1,8 миллион адамның табысына әсер етеді. Соның ішінде бюджеттен еңбекақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер қамтылады.
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көбейту жалғасатынын айтып, тапсырманы келесі жылдың басынан іске асыру қажеттігін жеткізді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Алатауда құны 800 млн доллардан асатын кешеннің құрылысы басталды
- авторОймақ
- 26 қазан, 2026






