жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті

Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті
Фото: ТЖД
Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды.

«Шымкент-Самара» автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан» делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

Сондай-ақ, Қызылордада 5 қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған жеңіл көлік жанып кетті. 

Жеңіл автокөлікті толығымен шарпыған өрт 12 минут ішінде сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар