Бұрынғы спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан.
"Сот шешімі негізінде оның екі айлық бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі жеңіл жазамен – айыппұлмен ауыстырылды", – деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Жақында бұрынғы мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың босатылғаны жарияланды.
Еске салайық, 2025 жылы Ерлан Қожағапанов SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзовамен бірге 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған. Экс-шенеунікке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), ал Көккөзоваға Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған еді. Сот шешімімен Қожағапанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды және оған басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар сот оны мемлекеттік наградаларынан айыру және қамауда болған уақытын жалпы жаза мерзіміне қосу туралы қаулы шығарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





