Түтінге уланып қалған ерлі-зайыпты көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
ШҚО Глубокое ауданында жер үйде өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткер қаза тапты.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі жалындаған үйден өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесі жұбайының мәйітін тапты.
«80 шаршы метр аумақта жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





