бейсенбі, 26 қараша, 2026 12:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Желтоқсан туралы қойылымдар өткізбеу" туралы құжатқа қатысты министрлік қызметтік тексеріс бастады

"Желтоқсан туралы қойылымдар өткізбеу" туралы құжатқа қатысты министрлік қызметтік тексеріс бастады
ашық дереккөз
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарына мұндай тапсырма берілмегенін мәлімдеді.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес тақырыбында сахналық қойылымдар өткізбеу туралы жолданған делінген хат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған құжатқа қатысты қызметтік тексеріс бастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған 12 қарашадағы құжатта жоғары оқу орындарына студенттердің қатысуымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күресті бейнелейтін қойылымдар ұйымдастырмау сұралған. Алайда мұндай талаптың себебі түсіндірілмеген.

«Тәуелсіздік тақырыбын қозғайтын қойылым өткізбеу сұралады. Жақында Желтоқсан оқиғасына 40, Қазақстанның тәуелсіздігіне 35 жыл толады. Жоғары оқу орындарына осы мерейтойларға байланысты қойылым өткізбеу сұралған құжаттың суреті жарияланды», – делінген Threads желісіндегі жазбада.

Құжатта мұндай қойылымдардың орнына «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын кеңінен насихаттау ұсынылған. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған дәрістер, пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу қажеттігі көрсетілген.

Алайда Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарына мұндай тапсырма берілмегенін мәлімдеді.

«Тараған құжатқа байланысты қызметтік тексеріс басталды. Хатты кім әзірлеп, кім таратқаны әзірге анықталмады», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан жауапта.

Ведомство тексеріс қорытындысы бойынша ресми жауабын кейінірек жариялайтынын хабарлады. Әзірге әлеуметтік желіде тараған құжаттың түпнұсқалығы расталған жоқ.

Айта кетейік, биыл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 40 жыл, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне 35 жыл толады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар