дүйсенбі, 13 шілде, 2026 17:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Білім беру гранттарына өтініштер қабылдана бастады

Білім беру гранттарына өтініштер қабылдана бастады
ашық дереккөз
Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда бүгіннен бастап абитуриенттерден жоғары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдана бастады. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құжаттарды қабылдау үдерісі 20 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерді жоғары оқу орындарының жанындағы қабылдау комиссияларына барып офлайн форматта (немесе виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, фотосурет және орта білім туралы аттестат немесе диплом өткізу қажет.

Грант конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ-дан жинауы тиіс төменгі шекті балл деңгейі де бекітілген. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» мен «Құқық» бағыттары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» бағытына – кемінде 70 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу орындары үшін кемінде 50 балл жинау керек.

«Еске сала кетейік, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін өздеріңіздің шекті балдарыңызды дербес белгілеуге құқылы», – деп толықтырды ведомстводан.

Сонымен қатар ауылдық жерлерден келген талапкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекет белгілеген арнайы квоталар қарастырылған. Білім гранттары иегерлерінің ресми тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар