Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды.
Айыптау тарапы айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған. Айыпталушы 2-2,5 жастағы балаларды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.
Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, тәрбиеші оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене жарақатын келтірген. Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дегенмен жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ, тәрбиеші 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





