бейсенбі, 5 қараша, 2026 12:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сыйлыққа - 5 миллион теңге: Олжас Абай тойға тартуға қанша түскенін айтты

Сыйлыққа - 5 миллион теңге: Олжас Абай тойға тартуға қанша түскенін айтты
жеке парақшасынан
Тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы толық жапқан.

Жуырда шаңырақ көтерген Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойларының қалай өткенін айтып, қонақтарынан алған сыйлықтары туралы бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Актердің сөзінше, тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы толық жапқан.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Әулетімізде қуанышты жаңалық болды, көрген боларсыздар. Бұл – тойдан кейінгі алғашқы сұхбатымыз, сондықтан толқып отырмыз. Тойымыз жақсы өтті. Халық ақ тілектерін айтып, қуанышымызға ортақтасты.

Ең қомақты сыйлықты ағамыз, кино саласында алға жылжуымызға ықпал еткен Kinopark басшысы Алмас Малдыбаев жасады. Ол бізге 5 миллион теңге сыйлады. Осы сәтті пайдаланып, Алмас мырзаға алғысымды айтып, інілік құрметімді білдіргім келеді.

Жалпы, тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы-ақ жауып тастады», – деді Олжас Абай.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар