жұма, 8 мамыр, 2026 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысында жоғалған балалар табылды

Абай облысында жоғалған балалар табылды
polisia.kz
Балалардың жастары 11 және 4-те.

Абай облысында полицейлер жоғалған балаларды дер кезінде тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жедел басқару орталығына Семей қаласындағы  Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген екі кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Балалардың жастары 11 және 4-те.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру жұмыстары басталды. Жедел әрекет нәтижесінде балалар небәрі 5 минут ішінде Жамақаев көшесі бойынан табылып, аман-есен ата-анасына тапсырылды.

— Балаларымды сол бір сәтте жоғалтып алғанымды ойласам, жүрегім дүрсілдейді. Полицейлердің жылдам әрекеті мен кәсіби жұмысы арқасында олар аман-есен табылды. Бұл үшін оларға шексіз алғыс айтамын, – деді балалардың анасы.

Полиция ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді және кез келген жағдайда тез арада жедел қызметтерге хабарласуды ұсынады.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі – ең бірінші басты мәселе екенін атап өтіп, тұрғындарды ұдайы сақ болуға шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар