Air Astana әуе компаниясының Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған ұшағы техникалық себептерге байланысты Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әуе кемесі елордадан таңғы сағат 08:54-те ұшып шыққан, алайда 11:34-те Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған. Компания өкілдерінің айтуынша, ұшақта техникалық ақау пайда болғандықтан, экипаж қауіпсіздік мақсатында қону туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі уақытта жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін Алматыдан Ақтөбеге резервтік ұшақ жіберілді. Оның аттану уақыты сағат 14:20-ға жоспарланып отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





