7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Өскемендегі Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде оқыс оқиға болды. Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, тек жеңіл сырылу мен көгеру анықталды.
Қазір зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген.
Қазір көпір келушілер үшін уақытша жабылады.
«Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен «Самал» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жоба аясында аспалы жаяу жүргіншілер көпірінің конструкциясын жаңарту және күшейту қарастырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және толық аяқталғанға дейін нысанға кіру шектеледі», — деп толықтырды әкімдікте.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ерлер патч пен әжімге қарсы кремге жиі ақша жұмсай бастаған
- авторОймақ
- 7 мамыр, 2026





