Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Түркістандағы балалардың өліміне қатысты пікір білдірді
- авторОймақ
- 8 ақпан, 2024
- 284
Қызылордалық әйел Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірген. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Динара Зәкиева мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», – деп жазды Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Істі Түркістан облыстық Полиция департаменті тергеп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.