жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті
Ақорда
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Әзербайжан президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар