жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды
7 ақпанда Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел президенттігіне үміткер ретінде 7 кандидат тіркелді.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының  мәліметтеріне қарағанда  дауыс берушілердің  белсенділігі өте жоғары болған. Дәлірек айтқанда дауыс беруге құқы бар әзербайжандықтардың 76,73%-і  сайлауға қатысқан. Бұл 4 млн 871 мың 32 адам деген сөз.

7 үміткердің ішінде қазіргі президент Илхам Әлиев 93,35% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Ал Захид Орудж  - 2,19%, Фазиль Мустафа -2%, Гудрат Гасангулиев-1,76%, Рази Нуруллаев-0,8%,  Эльшад Мусаев -0,67, Фуад Алиев -0,53% дауыс жинаған.

Бақылаушылардың басым көпшілігі сайлауда өрескел  заң бұзушылықтар болмағанын алға тартуда. Ал бірқатар мемлекет басшылары  Илхам Әлиевті  кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  та бар. Ақорданың мәлімдеуіне қарағанда Қ.Тоқаев И.Әлиевпен телефон арқылы сөйлескен.

 

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар