Алматыдағы лай көшкінінен опырылып құлаған үй астынан құтқарушылар төрт адамның мәйітін тапты
Алматыдағы лай көшкінінен опырылып құлаған үй астынан құтқарушылар төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ORDA телеграм каналына сілтеме жасап. Олар: 1980 жылы туған ер адам, 1984 жылы туған әйел және 2007 жылы туған екі жас жігіт.
"Қазір психологтар туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетуде", – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.