"Бір күндік клиниканың" басты миссиясы – болашақ аналарға мүмкіндігінше сапалы, жан-жақты және жайлы медициналық көмек көрсету, процедуралар мен консультацияларға кететін уақыт пен күш-жігерді азайту.
"Клиника жүкті әйелдерге бірінші триместрде пренатальды скрининг жүргізудің жаңа бірегей әдісін ұсынады. Болашақ аналар биохимиялық және бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингінен өту, қажет болған жағдайда генетиктің кеңесін алу сияқты барлық қажетті қызметтерді бір күнде бір жерде алады. Бұл болашақ аналарға УДТ, зертханалық тексеру үшін қан тапсыру, бейінді мамандарға жазбаны көп күттірмей, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сол арқылы дәл сол күні өз баласының денсаулығы туралы толық көлемде білуге және сәби өлімі мен балалар мүгедектігінің алдын алуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті аурухана директоры Нұрбол Тұрсынбаев.
Биохимиялық пренатальды скрининг FMF Халықаралық ұрық медицинасы Фондымен сертификатталған, 2024 жылғы автоматтандырылған иммуноанализатор көмегімен жүргізіледі. 30 минут ішінде құрылғы үлгіні өңдеуден өткізіп, нәтижені жедел дайындап шығарады. Ұрықтың анатомиясын мұқият, дәл зерттеуге бағытталған бағдарламалары бар заманауи сараптамалық аппараттарда ультрадыбыстық скринингтен өту мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Осылайша дәрігерлердің құрамдастырылған сараптамалары мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында жүкті әйелдер бір мезетте қажетті медициналық ұсыныстарға қол жеткізе алады. Болашақ аналарға зерттеу нәтижелерін күтетін сәтте тәтті ас-дәм ұсынылады.
Қалалық клиникаға жолдаманы жүкті әйелдер тіркелген жері бойынша емханада ала алады. Клиника жұмыс күндері таңғы 8:00-ден бастап жұмыс істейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024