сенбі, 14 қараша, 2026 22:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҚТЖ басшылығының ұсталуына қатысты компания мәлімдеме жасады

ҚТЖ басшылығының ұсталуына қатысты компания мәлімдеме жасады
ҚТЖ
Компания құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсететінін мәлімдеді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» қоры басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Компания құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсететінін мәлімдеді.

ҚТЖ-ның 14 қарашадағы хабарламасында компания 12 қарашада жарияланған ақпаратты назарға алғаны айтылған. Қазіргі уақытта ұлттық компания жария болған мәліметтерден басқа бұл іске қатысты өзге ақпаратқа ие емес.

Компания Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін еске салды. Осы себепті әзірге қосымша түсініктеме бере алмайды.

Осы хабарламаны дайындау кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жария түрде айтылғаннан басқа, осы мәселе бойынша ақпаратқа ие емес. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ осы кезеңде қосымша түсініктемелер бере алмайды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҚТЖ мен оның компаниялар тобы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Компания инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік әріптестер алдындағы барлық міндеттемесі күшінде қалатынын және келісімшарт талаптарына сай орындалатынын растады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар