жұма, 13 қараша, 2026 11:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда ішкі рейстерге билет бағасы қалай белгіленеді?

Қазақстанда ішкі рейстерге билет бағасы қалай белгіленеді?
Magnific.com
Ішкі рейске билет іздеген жолаушы қай күні ұшу арзанырақ екенін бір күнтізбеден көре алуы керек.

Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесте осындай күнтізбе енгізу және билет бағасы өзгергенде жолаушыға хабарлама жіберу ұсынылды. Кеңес ішкі рейстерге тарифтің қалай белгіленетінін де зерделеуді ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қай күні ұшу арзан?

Баға күнтізбесі жолаушыға бір бағыттағы билеттің әр күндегі құнын салыстыруға мүмкіндік бермек. Ұшатын күнін ауыстыра алатын адам сол күнтізбеден арзанырақ билетті қарай алады. Ал хабарлама арқылы билет бағасының түскенін немесе көтерілгенін біле алады.

«Сондай-ақ жолаушыларға билет бағасын әр күн бойынша салыстыруға мүмкіндік беретін баға күнтізбесін енгізу және билеттердің бағасы өзгерген жағдайда хабарлама жіберу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», – делінген министрлік хабарламасында.

Билет бағасы қалай белгіленеді?

Бұл мәселені Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смаилов көтерді. Талқылаудан кейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне Көлік министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, ішкі рейстердегі билет бағасын бақылау және тарифтердің қалай қалыптасатынын зерделеу ұсынылды.

«Отырыста көтерілген барлық бастамалар мен ұсыныстарды жауапты мемлекеттік органдар пысықтайды. Ал олардың орындалуы Қоғамдық кеңестің бақылауында», – деп мәлімдеді министрлік.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар