сенбі, 23 қараша, 2024 8:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты: Жайықтың жайына алаңдап отырмыз

Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:  Жайықтың жайына алаңдап отырмыз
фото Мәжіліс
Қазір Атырау мен Орал қалаларының суға кету қаупінің алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Тасқынмен арпалысып жатқан Батыс өңірінің ахуалымен танысқан Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қаланы су басу деңгейін және оған қарсы жасалып жатқан амалдар туралы айтып берді

 

«Еділ Жаңбыршин бастаған Мәжіліс депутаттары  Мақсат Толықбай, Ринат Заитов, Нартай Аралбайұлы бәріміз Атырау облысына келе жатырмыз. Бұған дейін он күн бойы Оралда жұмыс істедім. Қазір Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды өте жетік білемін. Негізгі үлкен су 15 сәуірде келеді деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан үшін су деңгейі 10 метрден асса, қауіпті болып есептеледі. Қазір келе жатқан су ресми түрде 10+ деп аталды. Яғни, 10 метрден жоғары деген сөз» – деді ол. Сонымен қатар, қалаларға төніп тұрған қауіпті айтып, оған қарсы жүйесін табар жұмыстарды атады:

«Атырауда да жағдай оңай емес. Бірақ халықтың бірлесіп жұмыс істеп жатқанының куәсі болдық. Қазір Атырауда істеліп жатқан негізгі амал – Жайық өзенін Атырауға жақындаған жерінен екі жаққа бөліп жіберу. Өйткені Атыраудың қауіптілігі су деңгейі 8 метрден асса, қала суға кетеді. Бұл жерде Жайық өзені Атырау қаласының ортасынан кесіп өтіп жатыр. Ал Оралға қауіптілігі сол, Оралда үш өзен бар –  Шаған, Деркөл, Жайық. Егер Жайық қатты көтеріліп, қаланы айналып келе жатқан Шаған өзенінің Жайыққа құятын тұсын қабылдамай, Шағанға кері беретін болса, Орал қаласы да суға кетіп қалуы мүмкін. Дегенмен екі жақта да мемлекеттік орында жұмыс істемейтін жай ғана қарапайым азаматтардың көмектесіп жатқанын бірінші кезекте айтуымыз керек. Мұндай қиындықтардан қарапайым азаматтардың көмегімен шығады екенбіз. Шыны керек, олардың көмегін көріп қуанып қалдым. Батыс Қазақстанда да, Атырауда да бір көрініс» – деді А. Құспан.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар