сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 13:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Психоневрорлогиялық орталықта 13 жастағы баланы ұрып соққан

Психоневрорлогиялық орталықта 13 жастағы баланы ұрып соққан
istockphoto.com
Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Павлодар облысының прокуратурасы психоневрорлогиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде «Жасанды интелект зорлық - зомбылыққа қарсы» жобасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында күзетшінің аутизмге шалдыққан 13 жастағы баланы ұрып-соққанын анықтады.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (полициямен тергелуде).

Жоба іске қосылған сәттен бастап балаларды ұрып-соғудың екінші оқиғасы анықталды. Бұрын орталықтың санитары атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар