сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 13:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Биыл берілетін тұтынушылық несиелердің пайызы белгілі болды

Биыл берілетін тұтынушылық несиелердің пайызы белгілі болды
Фото: freepik
Тұтынушылық қарыздар бойынша орташа мөлшерлеме – 19,1 пайыз.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың қараша айында банктер берген кредиттер мен депозиттер бойынша орташа сыйақы мөлшерлемелерін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Халыққа берілетін кредиттер.
Ұлттық валютада халыққа берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі қараша айында 1,6 пайыздық тармаққа төмендеп, 18,2% болды. Бұл көбінесе бөліп төлеу арқылы берілген қарыздардың үлесінің өсуімен байланысты.

Бизнеске берілетін кредиттер.
2025 жылдың қарашасы қорытындысы бойынша ұлттық валютадағы бизнес субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 0,3 пайыздық тармаққа өсіп, 22,3% болды.
Теңгедегі кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме ірі бизнес пен ШОБ субъектілері үшін – 20,1%, жеке кәсіпкерлер үшін – 30,4% деңгейінде қалыптасты.

Орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі:

ипотекалық қарыздар бойынша – 9,6%;

тұтынушылық қарыздар бойынша – 19,1%.

Бизнес пен халықтың депозиттері.
2025 жылдың қарашасында ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша банктердің орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін – 16,8%, жеке тұлғалар үшін – 14,8% болды.

ҚДКҚ дерегінше, қараша айында және желтоқсан басында бірқатар банктер депозит мөлшерлемелерін көтерді, ал жекелеген депозит түрлері бойынша максималды табыстылық 20%-ға дейін жетті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар