Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Бекітілген күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал Қадыр тун (тағдыр түні) 16-17 наурыз аралығында болады. Қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 20 наурызда атап өтеді, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға түсті.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






