дүйсенбі, 23 қараша, 2026 12:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда қыс қарсаңында күн күрт жылынады

Қазақстанда қыс қарсаңында күн күрт жылынады
ort.com
Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.

Қазақстанда қыс қарсаңында күн күрт жылынады. 24-26 қараша аралығында еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыстан бірнеше циклон өтеді. Соның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады.

24 қарашада еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының кейбір аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болып, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.

Мамандардың мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Алайда 26 қарашаға қарай оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін көтеріледі.

Осылайша, қарашаның соңғы аптасында еліміздің кейбір аймақтарында жаз мезгіліндегідей жылы ауа райы қалыптасады.

Айта кетейік, бұған дейін 23 қарашаға Қазақстанның көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер жаңбыр аралас қар, көктайғақ, қалың тұман және екпіні секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел болатынын ескерткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар