дүйсенбі, 23 қараша, 2026 10:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Танымал боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды

Танымал боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды
Фото: instagram.com/sakenbibosinov
Боксшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов сүйінші жаңалығын бөлісті. Спортшы жұбайымен бірге ұлды болғанын хабарлап, бұған дейін үш перзентінен айырылғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Боксшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол көптен күткен сәбиінің дүниеге келуі отбасы үшін ерекше бақыт екенін жеткізді.

«Кейбір қуаныштың артында ешкім білмейтін қаншама көз жасы, үнсіз түндер мен дұғалар жатады екен… Бұл қуанышқа жеткенше тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады. Ата-ана үшін баласынан айырылудан ауыр қайғы жоқ шығар», – деп жазды спортшы.

Сәкен Бибосынов ауыр кезеңдерде жұбайымен бірге үмітін үзбей, Жаратқаннан перзент сұрағанын айтты.

«Біз де үнсіз жыладық, іштей күйзелдік. Бірақ Алладан үмітімізді үзбедік. Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық. Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей… Алланың қалауымен ұлды болдық!» – деді ол.

Боксшы өмірден өткен үш перзентінің орны жүрегінде мәңгі сақталатынын айтып, жаңа туған ұлына ақ тілегін арнады.

«Бүгін құшағымыздағы кішкентай сәби – талай көз жастан кейінгі қуанышымыз, талай сынақтан кейінгі үмітіміз. Оның әрбір тынысы біз үшін баға жетпес бақыт», – деп жазды Сәкен Бибосынов.

Спортшы жазбасының соңында перзент аңсап жүрген барлық отбасына сәби сүю бақытын тіледі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар