бейсенбі, 25 қыркүйек, 2025 19:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мен ешқайда ұсталмадым": Тұрсынбек Қабатов желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

"Мен ешқайда ұсталмадым": Тұрсынбек Қабатов желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official
Қабатов бұл ақпаратты толықтай жоққа шығарып, оны «дәлелсіз өсек» деп атады.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде өзі туралы тараған жалған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Ассалаумағалейкум, достар! Кейбір сайттарда "Тұрсынбек массажға барыпты" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеуді сұраймын. Мен ешқайда бармадым, ешкімге ұсталған жоқпын. Бәлкім, концертімнің алдында біреулер аяқтан шалғысы келген шығар. Бұл өтірік ақпарат. Мен 15 күннен бері Алматыдамын. Бір апта бағдарлама жүргіздім, қала күні болды, екі күн соны жүргіздім. Бүгін де Алматыдағы іс-шарада жүрмін. "Манхэттен" деген жерді білмеймін. Дәлелсіз, жалған ақпарат таратып жатыр», – деді Қабатов.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар сайттар мен әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатов интим қызмет көрсететін салондардың бірінде ұсталды деген қауесет тараған болатын.

Кейбір жазбаларда әзілкештің «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі массаж салонының клиенті болғаны, жасырынуға тырысқаны және кейін ауруханаға түскені туралы да мәлімет берілген.

Дегенмен Қабатов бұл ақпаратты толықтай жоққа шығарып, оны «дәлелсіз өсек» деп атады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар