бейсенбі, 25 қыркүйек, 2025 19:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ақордаға барасыңдар деген кезде қатты қуандым": Алуа өзін бақытты сезінгенін айтты

"Ақордаға барасыңдар деген кезде қатты қуандым": Алуа өзін бақытты сезінгенін айтты
Ақорда
Алуа Балқыбекова Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алтын медаль алды.

Оның айтуынша, әр спортшының өміріндегі белестерінің бірі – Ақордаға бару. Спортшы осы бақытты сезінгенін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Денемізді қыздырып жатқанда, жекпе жектің алдында өзімнің термосыма шай дайындап аламын. Жарыстың алдында денемізді тез қыздырып алу үшін шай ішіп аламын. Көбінде өлеңдерді қосып аламын жігерлендіру үшін. Ұйқым кеп тұрған болса денені оятады, қанды жүгіртеді. Ақордаға барасыңдар деген кезде әрине қуаныш болды, өйткені барлық спортшы оны армандайды деген ойдамыз. Өте қуанышты сәт болды. Күткен және армандаған сәт болды”, – дейді Алуа Балқыбекова.

Әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алуа финалда түрік боксшысын жеңіп, алтын медаль иеленген еді. Осы марапаттан кейін Ақордаға барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар