бейсенбі, 19 қараша, 2026 12:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада 109 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтер істі болды

Астанада 109 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған  бухгалтер істі болды
istockphoto.com
Мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша В.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, В. 2019 жылдан 2023 жылға дейін М.-ға тиесілі «А» және «Г» үлестес ЖШС-лерінде бухгалтер, кейін бас бухгалтер лауазымында нақты еңбек қызметін атқарған. Осы кезеңде ол банк кілттерін алып, аталған ЖШС-лердің банктік шоттарын басқаруға тұрақты қол жеткізу мүмкіндігіне ие болған. Соның нәтижесінде қаржылық операцияларды өз бетінше бастамалап, растау мүмкіндігі болған.

Қызметтік жағдайын және ақшалай қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, В. пайдакүнемдік ниетпен, тиісті шарттық және өзге де құқықтық негіздерсіз, сондай-ақ бухгалтерлік есепте тиісті түрде көрсетпестен, аталған ЖШС-лердің шоттарынан өз банктік шоттарына және өз бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің шоттарына жүйелі түрде негізсіз ақша аударымдарын жүзеге асырған.

Осылайша, В. «А» және «Г» ЖШС-леріне 109 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген.

Жасалған қылмыстың мән-жайлары мен ауырлығын, аса ірі мөлшердегі залалдың өтелмегенін және жеңілдететін мән-жайдың болуын ескере отырып, сот сотталушыға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырды.

Сотталушының асырауында 2013 және 2014 жылы туған кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, сот ҚК-нің 74-бабы негізінде жазаны орындауды 1 жылға кейінге қалдырды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар