сенбі, 29 наурыз, 2025 14:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Өзбекәлі Жәнібеков жерде тұр": Арқалықтан келген азамат ескерткішті сынап, видео жариялады

"Өзбекәлі Жәнібеков жерде тұр": Арқалықтан келген азамат ескерткішті сынап, видео жариялады
фото: скрин
Ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіш орталық саябақта орналасқан.

Шымкент қаласына сапарлап келген Арқалық тұрғыны Өзбекәлі Жәнібековке қойылған ескерткішке қатысты сын айтты. 


Шаке Сыргабаев есімді азамат Шымкент қаласының орталық саябағында орналасқан ескерткіштің жанында видео түсіріп, Tiktok парақшасына жүктеген.

«Мына бір ескерткішті көріп, көңілім толмай тұр. Мына кісі қазақтың біртуар азаматы – Өзбекәлі Жәнібеков. Біздің жерлесіміз. Арқалықта Бірінші хатшы болған, Мәдениет министрі болған. Тұрған жерін қараңыз жерге қоя салған. Ал, мына артында бұғылар тұр. Оны арнайы биіктікпен жасаған тұғырдың үстіне қойған, жасыл шөпке қоя салса да болады ғой. Неге Өзбекәлі Жәнібековты сол жерге, көзге көрінетін көрнекі жерге қоймасқа? Ұлттың рухы жоқ – бұл үлкен қасірет. Намысымызды оятып, рухымызды көтеретін кез келді», –  дейді Шымкент тұрғыны.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар