сенбі, 29 наурыз, 2025 13:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлыстың ұлы күнінде 135 қызылордалық отбасы баспаналы болды

Ұлыстың ұлы күнінде 135 қызылордалық отбасы баспаналы болды
Фото: gov.kz
Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев табыстау рәсіміне арнайы қатысты.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада 135 отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Титов ықшамауданындағы 135 пəтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Үйдің кілтін табыстау рәсімінде Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары болған.  

«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған әз-Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі V отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша өткен жылы республикада үздіктер қатарынан көріндік. Алдағы уақытта да бекем бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілейміз! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – деді облыс әкімі Н.Нәлібаев өз құттықтауында.

Рәсімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар, пәтер иелеріне қуаныш сыйлаған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауын жеткізіп, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов бата берді.
Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатқа 2,5 мыңнан астам пәтер берілді. Осылайша, тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті.
Биыл халықты баспанамен қамту үшін 292 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді. Қосымша 3 300-ден астам пәтер сатып алуға өтінім жолданды.
Амал күні Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталса, Наурыз меркесінде  баспанасы апатты деп танылған 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар