
Павлодарда жасөспірімдер арасындағы жанжал әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода бір оқушы қыздың өзімен шамалас өзге қызды ұрып-соққаны көрініс тапқан. Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.
Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар жанжалға қатысқан жасөспірімді Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласындағы девиантты мінез-құлық танытатын балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жіберу мәселесі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарауына шығарылған.
Бұған қоса, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайлар мен себептерді анықтап, олардың алдын алу мақсатында жасөспірімдер оқитын жалпы білім беретін мектеп әкімшілігіне тиісті ұсыныс жолданды. Бұл жағдай жасөспірімдер арасындағы тәрбие мен бақылаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен жас буынды тәрбиелеу – ортақ жауапкершілік екені ескертіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда төрт бойжеткен қара ниқаб киіп, өзгертілген тумен суреткен түскен
- авторОймақ
- 28 наурыз, 2025